Вам есть 18 лет?
Are you at least 18 years old?
ҚЫЙҒЫШ
tags: Деколонизация, Квир, Лесбиянки, Миграция, Расизм, СССР, Утопия, Казахстан
Адиба - Берлинде орналасқан квир-феминист. Ол өзінің жазушылық практикасында өзінің мигранттары мен посткеңестік тәжірибесі туралы ой бөліседі.
Гүлзада Сержан - "Феминита" Қазақстандық бастамасының мүшесімін, сайт: https://feminita.kz/.
Виктория Сарангова - художница, работающая с разными медиумами, из Калмыкии (Россия). Виктория закончила живёт и работает в Берлине. Её работы существуют в междисциплинарном пространстве саунд арта, кино, перформанса и текстиля. Сайт: https://www.sarangova.com/.
Жасым он сегізде маған әр сенбі сайын қамыр жайғызатын. Үп-үлкен дөңгелек қамыр – жұқалығы сонша үстелдің бетіндегі сұр сызықтар көрінетін немесе олардың айтуынша “астына жайған газетті оқуға болатындай” етіп. Жайылған қамырды сосын ет, орама не мантыға пайдаланамыз; — бұл жағдайда сәл қалыңдау тек мақала тақырыптары көрінсе болды. Әр сенбіде немере ағам түскі асқа келетін болған себепті, әжем мені осылай әйел басына жазған дәстүрлі бейнетке салатын. Таңертеңгі сағат 9 шамасында оятып үй шаруасына жегетін. Алдыңғы түннен кейін мастығым тарқамай (сәті түссе) төрт сағат ұйықтаған күйімде тұратынмын. Менің қатал бірақ үнсіз әжем қызарған көзім мен бозарған бетімді көрмеген сыңай танытатын. Бір рет қана неге осылай қылатынымды сұраған. Мен оған қазір біреуді тапқың келсе тек клубқа бару керек деп түсіндірдім. Шынында, маған бай тап деп қыспаққа алатын өзі емес пе?

Шешем қайтыс бола салысымен әжеммен тұратын болдым. Сонда немере ағам төрге отырып алып, өзінің шешесімен бірге тұра беру бақытын сарп етіп, енді маған нағыз Шошанова атына лайық болу сәті туғанын жар салған еді. Оның айтуынша текті Шошанов әулеті қаңғыбас адасып жүрген мені олармен бірдей фамилиям болғаны үшін ғана мойындаған екен. Мұның қандай мағынасы бар, сонда? Туылған кезде кездейсоқ қойылған ат үшін нағыз біреу болып шыға келу деген қандай?
Содан не керек, мінекей тұрысым мынау, нағыз “қазақ қызы” құсап домаланған қамырмен асханада безгек би билеп, нағыз Шошанова атына лайық болуға бар ынта-жігеріммен кірісіп кеткем. Бірақ бұл тек сенбі күні түске дейінгі әңгіме, дегенмен, әр жұма түні іздегендер мені гей клубтан табатын. Ол кезде кеңес кезінен қалған бірінен бірі айнымайтын үйлермен қатар сиықсыз арбиған шыны мен металдан құралған жаңа зәулім үйлер араласқан кәдімгідей үлкен шулы қала Алматыда бір ғана гей клуб болатын. Шаңырағында үлкен Леонардо да Винчи салынған “Арт Клубта” аптасына бір рет лесбиан той өтетін. Жиналғандар буч пен фем деп анық екі міндетті түрге бөлінетін. Мен солардың арасындағы бірдеңемін, фем дейін десең бетім боялмаған, ұзын шаш пен биік өкше жоқ, буч дейін десең одеколон сеппегем, қысқа шаш пен қолыма таққан сағатым жоқ. Сол тойларда ішілетін алкоголь мөлшерінен мас боласың, той аяғы түн ауа міндетті түрде төбелеспен бітеді.

Екі жыл өтіп, әжем соңғы он жыл шыдап жүрген рак ауруына беріліп қайтыс болды. Ол бәрін жоспарлап кетті. Екеуміз Алматыдағы ең көне 19-ғасырдың керемет орыс ағаш сәулетінің нышанында орналасқан сауда үйі “Қызыл таңға” барып, әжеме бес метр ақ мата кебін сатып алдық. Әжемді мұсылманша кілемге салып 2 метр жердің астына көмер алдында, әр қабатына қалампыр салып ақ кебінге орауымыз керек. Алдында өзіне дайындаған кебініне қызын орап көмген болатын. Бәрін жоспарлап қойған. Алыс бір туысына қоңырау шалып, маған бас-көз бол деп шақырып қойыпты. Бақты: кішкентай, толық келген, тапал елулердегі әйел, үлкен бетінің қып-қызыл терісі қатаң, бет сүйектері шығыңқы, біреуі алтын қисық тістерін жұқа еріндері жауып тұрады. Орысша боғауызды жіберіп, өте қатты күлетін. Жасы үлкен қазақ әйелдің осылайша боқтағанын бұрын-соңды көргенім осы болды. “Кеше түнде қайда болдың, нахуй блять?” деп жымиып сұрайтын. Екі қысық көзі жылтың-жылтың етіп.

Әжемнің біртіндеп сөне бастағанының куәсі болдым: жүре алмай, отыра алмай, тамақ батпай, сөйлей де алмай қалды.
Ол кездері бучтау келген, өзімнен оншақты жас үлкен дайкті сындыратын не оған сына қалатынмын. Сезім мен махаббаттан көңілім қалып, кездейсоқ біреумен сігісе кетуді бастаған кезім еді. Ол үлкен, күшті, еті тірі келетін. Онымен болған секс кәдімгі нағыз гетеронормативті болатын: төменгі жағымды кішкене аймалап, сосын сағаттап саусағымен сігетін, сондағысы ғалымдардың “вагиналық оргазм” деп атаған дәрежеге жеткізу. Менің “клитор оргазм” алып қоятыныма ренжитін, ешқашан жалаңаштанбай, іш киімін шешпейтін. Біразға дейін онысына мән бермедім; өлім теңізіне батып кетуден денемді не сақтаса, соған риза едім.

Әжемді ваннаға қалай апаратынымыз есімде. Бақты қолтығынан ұстап көтеріп, мен аяқтарынан ұстап, есікті ашатынмын. Үлкен, қызыл, толық дененің үстінде боп-боз қаңқа. Әжем үстін әжім басқан баладай суда отырғанда, мен арқасын ысып беретінмін. Мастектомия жасағанға дейін оң жақ емшегін жұдырыққа ұқсап бүгілген алақанымен ылғи жауып алатын. Менің кішкентай кәрі Амазонкам әкесінің малы тәркіленіп, Сібірге айдалып, соғыста өлгенін көрген; сол соғыста бой жетіп, 18 жасында жас еркекке тиіп, бірінен соң бірі үш бала туып, 24 жасқа келгенде рактан өлген шешесін жерлеп, қайта үй болып, 59-ында күйеуінен айырылып, Кеңес Одағы құлаған кезден өтіп, 69 жасқа жеткенде ракқа шалдығып, 77 жасында қызын жерлеген.

Бес жасымда жеті жасар немере апаммен әжемнің төсегінде секіріп ойнап жүргенде, киімін шешіп үй киімін киіп тұратын күйі есімде. Секіріп оны сүйіп кетіп, үстіне тиіп кетіп ойнайтынбыз. Мен оның оң емшегі менікі дегенде, немере апам сол емшегі менікі деп жабыса кететін. Емшекке ылғи таң қалатынмын: одан сүт шығады, жұмсақ жастық та болады, кейде ойнайтын ойыншық та бола қалады. Емшекпен ойнау үшін оның ұшын саусақпен басып тұрып беске дейін санап, жіберіп қалу керек… ұшы қатайып, айналасы бүртік қыржым бола қалады. Тағы бассаң жібіп кетеді, қайта бассаң қатая қалады. Ұйықтар алдында ойнауға өте жақсы ойыншық.

Бір досымның шешесі өзіне нанды дұрыс илеуді үйреткенде кенеттен былай депті: “Емшегіңді ұста! Жұмсақтығы қандай? Қамырдың жұмсақтығы тура сондай болуы керек!” Содан қамырды қалай илеу керегін білемін. Оның қаттылығы әжеңнің, шешеңнің, өзіңнің, сүйіктіңнің емшегіндей болуы керек. Қамырды қалай жаюды да білемін. Оның жұқалығы мен ақтығы әжеңнің, шешеңнің кебініндей болуы керек.

Соңғы түні жаны түршігіп қатты айқайлай берді. Жатын бөлмесіне кіріп, тынышталсын деп қасына жаттым. "Әжеңнің кетуіне оңай болады."- деп, Бақты қазақшалап: “Қыйдым сені, қыйдым сені, қыйдым сені,” - деп қайталай бер деді.

Қыйдым сені.